| Ұйымдастыру кезеңі
(5мин)
|
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жағымды психологиялық ахуал орнату
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. |
Компьютер, интерактивті тақта.
Слайд 1.2,3 |
| Сабақ басы (10 мин)
|
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы. Сондықтан ел Президентінің «Қазақстан — 2050” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,»…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан — жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу — басты талап. Осыған орай тәрбие сағатымыздың маңызы зор деп ойлаймын.
«Тіршілік көзі-салауатты болашақ»-дұрыс айтасындар. Ал, деніміз сау, білімді, жан-жақты жақсы азамат болуымыз үшін, не қажет екен?( спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды заттарданаулақ болу, күн режімін сақтау, жеке бас гигиенасынсақтау).Қорыта келгенде, академик Н. М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.”Құрбы-құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер.Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі-адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғарыұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. |
”
|
Компьютер, интерактивті тақта.
Слайд 4,5,6,7,8,9,10
Суреттер.
|
| Сабақтың соңы
(5 мин)
|
Қорытынды: Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты — адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Ғарышты игеруге қатысты кейбір үміттер расталмады деп айтуға болады. Ғарыш адам ойлағаннан мүлдем басқаша болып шықты. Физика заңдары адамның ырқына көніп, ұнайтын нәрсесіне ыңғайлана бермейді. Бірақ көңіл толарлық та дүние бар – робототехника мен жасанды интеллект күнделікті өмірге енді. Яғни біз кез келген алыс кеңістікті онда болмай-ақ игере аламыз. Күн жүйесі бойынша басқарылатын зондтар жіберетін NASA-ның соңғы жетістіктері де бар. Демек дамуға ынтымақтастық пен бәсекелестік үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Ситуациялық жағдайлардан шығу.
1-топқа:1- жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-топқа:2-жағдаят:
|
|
Компьютер, интерактивті
тақта.
Слайд 16,17,18 |