Алтын күз
- 21 сентября, 2023
- 0
Оразова Қарлығаш Мейрамбекқызы –музыка жетекшісі Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК «Талшын» мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған шебер сынып
Оразова Қарлығаш Мейрамбекқызы –музыка жетекшісі Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК «Талшын» мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған шебер сынып
Оразова Қарлығаш Мейрамбекқызы –музыка жетекшісі
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша
білім бөлімінің №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК
«Талшын» мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
шебер сынып
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Балаларға күз туралы әнді тыңдатқызу, әннің сыр-сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыру.
Әдіс-тәсілдер
Релаксация, түсіндіру, баяндау, миға шабуыл, кері байланыс, пысықтау, көрсету, музыкалық-дидактикалық ойын.
Құрал-жабдықтар
Интербелсенді тақта, дидактикалық ойын топтамасы, дидактикалық ойынға арналған құралдар. Биге арналған қағаздан жасалған күзгі жапырақтар, аспаптар түрлі-түсті күзгі жапырақтар бейнеленген таңбалауыштар.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы
Музыкалық дидактикалық ойын «Көңілді ырғақ»
Балалар музыка жетекшісімен ойын арқылы амандасады.
Ойынның шарты: Үстелдің үстінде тұрған суретке қарап, ырғақты музыка жетекшісімен бірге соғып қайталайды.Осылайша сәлемдеседі.
Мақсаты: Музыканы тыңдап, әуенге сәйкес ырғақ соғуға үйрету
-Музыка жетекшісі әр баламен ырғақ арқылы амандасады
Балалар орындарына жайғасады.. Міне, жарайсыңдар! Бәрің күз сияқты, сары алтындай жайнап тұрсыңдар!
Балалар шаттанып қалады.
— Ендеше, балалар күз кереметтерін бірге тамашалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, күз кереметтерін көрсетеді.
— Күз көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Күздің қандай ерекшеліктерін көріп отырсыңдар, балалар?
Жапырақтар сарғайды, күн суытты, жаңбыр жауды, жемістер пісті. Бәрі де күз кереметі.
2.1. Музыкалық-ырғақты қимылдар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
— Балалар, бүгін орыс халқының «Жапырақтар биі» сазды әуеніне ырғақты қимылдарды жасаймыз. Балалар, мен көрсететін қимылдарды мұқият қарап алыңдар, жарай ма?
Музыкалық жетекші орыс халқының «Жапырақтар биі» сазды әуеніне балаларды қатарға тұрғызады. Музыкалық жетекші ойынды өзі бастап, балаларға ырғақты қимылдарды көрсетіп жүреді.
2.2. Ән тыңдау
Музыка жетеккшісі әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды.
— Балалар, бүгін биіміз де, әніміз де күз туралы болып жатқанын байқадыңдар ма? Иә.
— Балалар, күз туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші?!
Рахат Наурызбаевтың «Алтын күз» әні.
Әнін жазған композитор Ләйлә Сүйінбаева .
— Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз .Әнімізді тыңдайық.
Музыка жетекшісі балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды.
Керемет! Ән өте көңілді, балалар, солай ма? Иә.
— Әнде не туралы айтылады? Күз туралы.
— Күздің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар? Жапырақтар сарғайды, күн суытты, жаңбыр жауды, жемістер пісті.
— Жарайсыңдар, балалар!
2.3. Дауыс жаттығуы.
2.4. Ән салу.
— Балалар, сары алтындай сары күзде күз туралы әнімізді бастайық.
Ән: «Осен, осень снова к нам пришла»
2.5. «Сыйқырлы таяқшалар» музыкалық дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: музыка ырғағына сай музыкалық таяқшаларды соға отырып, әннің әуеніне қосылу.
Ойынның шарты:
Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, музыкалық таяқшаларды музыка жетекшісінің көмегімен бірге қайталайды.
2.5. «Музыкалық үйшік» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: музыкалық аспаптардың үнін дауыс тембріне қарай ажырату және қандай аспап екенін айту.
Ойынның мақсаты: балаларды музыкалық аспаптардың тембрін ажырата білуге жаттықтыру.
— Балалар, қазір қызық ойын ойнаймыз. Мына үйшікті көріп тұрсыңдар ма?
— Иә.
— Балалар осы үйшіктің ішінде әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұрады. Ол музыканттар әртүрлі аспаптарда ойнайды. Сендер сол музыканттар ойнаған аспаптардың дыбыстарын ажыратып, қандай аспап екенін атауларың қажет.
— Балалар, ойынға дайынсыңдар ма? Иә. Олай болса, балалар, мен музыканттардың қасына барып, қандай аспаптарда ойнайтынын көрейін. Ал, сендер сол ойналатын аспаптың дыбысын мұқият тыңдаңдар. Қай аспаптың дыбысы екенін білсеңдер, қолдарыңдағы аспаптар бейнеленген карточкаларыңмен үйдің әйнегін жабасыңдар
Аспап үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың ішінен сәйкес келетінін алып, үйдің бір әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер толық жабылуы керек. Музыка жетекші балалардың ойынын бақылайды, тиісті жерінде ескерту жасап отырады.
2.6. «Шумовой ансамбль»
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Музыка жетекшісі ұйымдастырылған іс-әркеттің аяғына қарай:
-Балалар бүгін біз не істедік?
— Балалар, жапырақтар қай кезде сарғаяды? Күзде. Дұрыс!
— Бүгін күзге байланысты қандай ән тыңдадық? Алтын күз туралы. Жақсы!
— Қандай ән айттық? Күз туралы. Жақсы.
-Бүгінгі іс-әрекетімізде біз тағы не істедік? Биледік, өлең айттық, ойнадық, музыкалық аспаптармен ойнадық.
— Ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ұнады ма? Иә.
Менің сендерге, өте белсене қатысқандарың үшін сыйым бар.
Кәнекей мына карзинада не бар екен, бірге қарайықшы.? Алма
-Алманың түсі қандай?
-Карзинаны тәрбиеші апайларыңа берем, топқа барғанда сендерге таратып береді.
Ендеше балалар арнайы смайлинктермен бүгінгі көңіл күйімізді көрсетейікші.
— Бәрекелді, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әркетіміз сәтті өтті!
Рақмет!
Музыкамен.Сау болыңдар!
-Музыка жетекшісі балаларды музыкамен топтарына шығарып салады.
Біледі: Күз кереметтерін, күз мезгілінің ерекшеліктерін біледі
Игереді: Аспаптардың даусын ажыратуды игереді
Меңгереді: Әннің ширақ, сергек, сабырлы сипатын ажырата білуді.