Ашық сабақ

Антика әдебиетінің тарихи маңызы

  • 21 сентября, 2023
  • 0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы     СӨЖ-1     Тақырыбы:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

СӨЖ-1

 

 

Тақырыбы: Антика әдебиетінің тарихи маңызы

 

Орындаған: Тұрсын Талғар

Тобы:405 ҚТӘ

Қабылдаған: Асқарова Г.

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2023-ЖЫЛ

Антика әдебиетінің тарихи маңызы

 

Кіріспе

  1. АНТИКА БАСТАУЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ

 

Негізгі бөлім

  1. Антика әдебиетiнің қазақ әдебиетінде көрініс табуы
  2. Антика әдебиетіндегі мифологияның кездесуі орны

 

Қорытынды

1.

 

Антика әдебиетінің ұзақ жылғы ғұмыры түрлі мәдени, әдеби эволюциядан өткендігін кәрі тарих жоққа шығармайды. Сол тұрғыдан келгенде, тарихшы-зерттеушiлер ежелгi Грекияның тарихын бес кезеңге бөлiп қарайды.

Біріншісі, Эгейлiк немесе крит – микеналық (б.д.дейiнгi ІІІ-ІІ мың жылдық), рулық қоғамның ыдырау кезеңi, дорий шабуылдарының нәтижесiнде қоғам өмiрiнiң  тоқтауы, кейбiр жеке аудандарда ерте  таптық құл иеленушi мемлекеттердiң пайда болуы және өркендеуi;

Екіншісі, б.д.дейiнгi ХI-IХ ғасырлардағы Грекия –дорий жаугершiлiгiнен кейiн алғашқы қауымдық қатынастардың уақытша қайта өркендеу (жандану) кезеңi және таптық қатынастардың, жеке меншiктiң антик түрi негiзiнде  соңғы  гректiк даму;

Үшіншісі,  архаистiк кезең (б.д.дейiнгi VІІІ-V ғасырлар) – бұдан алдыңғы кезеңнiң жалғасы, антик құл иеленушiлiк қоғамның қалыптасу кезi;

Төртіншісі, классикалық кезең (б.д. дейiнгi V-IV ғасырлар) антик полис-терiндегi құл иеленушiлiк қатынастардың ең шарықтап өркендеген кезеңi;

Бесіншісі, Эллиндiк кезең (б.д.дейiнгi IV ғасырдың екiншi жартысы I ғасырдың ортасы) Парсы мемлекетiн грек-македон жаулауынан кейiнгi Таяу Шығыстың орасан кең жерiнде құл иеленушiлiк қоғамның одан әрi өркендеуi. Бұл кезең эллиндiк дүниенiң батыс бөлiгiн – Рим ал шығысын (Евратқа дейiн) Парфияның жаулап алуымен аяқталады.

 

Бiздiң ата-бабаларымыздың антика дәуiрiндегi өмiр сүрген европалық елдерiмен қарым-қатынасы жайында там-тұмдап болса да тарихи еңбектерде кездеседi. Соның бiрi — антика дәуiрiнде ғұмыр кешкен, артында мол әдеби, тарихи деректер қалдырып “тарихтың атасы” атанған Герадот жазбаларында сақ-скифтер жөнiнде көп мағлұмат бар.

Герадот б.д. дейiнгi 484-425 жылдары өмiр сүрген. Ол Кiшi Азияның батыс жағалауының оңтүстiгiнде туып, көп саяхат жасаған. Жерорта теңiзiнен бастап бүкiл Мысыр елiн аралаған, Эгей теңiзiнен парсы астанасы Сузыға дейiн “патша жолы” деп аталатын жолмен жүрiп өткен. Ол сондай-ақ Солтүстiк Қара теңiз жағалауының далаларында болып, грек бiлiмпаздар орталығы – Афины қаласында тұрған.

Геродоттың еңбегi грек-парсы соғыстары, архаистiк және классикалық Грекияның, Скифияның және бүкiл Алдыңғы Шығыс тарихы бойынша маңызды деректер болып табылады.

Геродоттың сақтар турасындағы жазған “Тарих” еңбегінің “Мельпомена” атты төртінші кітабы аса бағалы да құнды еңбек. Өйткені, қазіргі тұста қазақтың арғы көне тарихы мен мәдениеті, әдебиеті жөнінен көп мағлұматтар сол жоғарыдағы еңбек арқылы жетіп отыр. “Дуалы ауыздан шыққан сөз дүниенің төрт бұрышын мойындатқалы екі мың жылдан асып барады” – дейді, Ақселеу Сейдімбеков “Қазақ әдебиеті” газетіндегі Герадоттың “Тарих” атты еңбегі турасында. “Римнің әйгілі шешені Цицерон (б.з.д.106-43ж.ж) бір ойдың орамында Герадотты “тарихтың атасы” деген болатын. Содан бері бұл бағаға шәк келтірген тірі пенде жоқ. Әрине, аталы сөздің астарында ақиқат болған соң да күдік – күмәнға орын қалмайтын әдеті ғой.

Герадот біздің заманымызға дейінгі 490-480 жылдар аралығында Кіші Азияның Галикарнас деген шағын қаласында дүниеге келіп, 425 жылдар шамасында Италияның оңтүстік өңірінен топырақ бұйырған. Оның балалық шағында парсылар Балқанға үстемдік етсе, жігіт ағасы болған кезі Афинаның кемеліне келе гүлденген шағымен тұспа-тұс. Ал, қартайған шағында әйгілі Пелопоннес соғысы басталған. Герадоттың дүние танымының қалыптасуына байырғы Грек Аттикасының әйгілі қаласы Афиныда тұруы, ондағы заңгер әрі әскери басшы Периклдың үйірмесінде болуы елеулі ықпал еткен.

Герадот жаһанкез тарихшы. Ол Кіші Азияны түгелге дерлік аралап, Бабылда (Вавилонда), Финикияда, Эгей теңізінің аралдарында, Пелопоннесте, орта Грекия қалаларында, Оңтүстік Италия мен Сицилия қалаларында болып, тарихи оқиғаларды көзімен көрген. Болған жерлеріндегі халықтардың өмір салтына ықыласпен ден қоюмен бірге, жаһан кезген саяхатшы – керуеншілердің естелік әңгімелерін көп естіген. Нәтижесінде “Тарих” деп аталатын әйгілі еңбегін жазған.

Тарихшы-этнограф Әбсәлімұлы Төлеміш өзінің “Бие сауған байырғы жұрт пайдаланған ұлттық тағамдар және этногенездік тек” деген зерттеу мақаласында Геродоттың “Мельпоменада” айтылған жайларды талдай келе, төмендегідей пікірлерді алдыға тартады: “Геродот тұсындағы, яки б.д.д. V ғасырдағы күбіде не сабада қымыз пісу мен күбіде сүт пісіп, май алу тәсілі қазіргі қазақ, қырғызда сол бәз-баяғы қалпында жалғасқан. Геродоттың “шұңғыл ағаш ыдыс…” дегені күбі екені даусыз. Пазырық  обасын қазуда “қымыз құятын торсықтың” да табылғаны белгілі.Бұл мәліметтерден еуропалық скифтердің күбі-піспектерді, торсық сабаларды, Сыр өңірін жайлаған тұстан-ақ пайдаланғаны және сақ-скиф-түрік этногенез бастауының бірлігі аңғарылады. Бие сүтінен пісіліп май алу деген ұғым Геродот тұсындағы гректердің де, римдіктердің де  сүттен ( тек бие сүтінен емес) май алу тәсілін білмегендіктен туған болса керек. Ал құлдары соқыр ету, олардың қашпауын қамтаматсыз еткен.

Ет пісіруге қазан болмаған жағдайда етті скифтердің қалай пісіретінін Геродот былай деп жазып қалдырыпты. Сойылған мал “етін малдың қарнына салып су құйып, сүйегін жағады. Ол тамаша жанады. Ал сүйегі алынған ет қарынға еркін сыйып кетеді. Осылайша өгіз етін пісіреді”. .

Құмда мал бағатындардың “түймеш” деп атайтын тағамы бар. Олар құмды шұңқырлап қазып, соның үстіне дүзген өртейді екен. Қарынға салынған мал етін қазған шұңқырға тастап, күл, қоламта, қыздырылған құммен көміп тастап, тәулік, одан көп уақыт өткен соң алатын болса керек. Былбырап, өз майында піскен ет тіл үйіретіндей дәмді болады.

“Қазақтарда мал қарынында ет пісіру ХХ ғасырдың бас тұсына дейін сақталынып келді”, — деп жазады. Ал тарихшы ғалым А.П. Смирнов “Скифы” дейтін кітабында: “Бүйтіп, етті скифтерше пісіруді ешкім қайталап, тексеріп көрген жоқ…”,- дейді.

 

Гректiң тұңғыш натурфилософтары мифологияға жүгiнiп, өздерiнiң космогониялық теорияларын ойлап тапқан. Өз түсiнiктерi бойынша кеңiстiк, қозғалыс пен материяны мифологияда Хаос, Эрос (махаббат) және Гея (жер) жаратқан деп дәрiптеген.

Хаос – бастапқыда бос кеңiстiк, әлемдiк бей-берекет күйінде пайда болады. Осыдан Эростың кұдiреттi күшiмен — бiрiншi тiршiлiк иелерi: Уран (аспан) мен Гея (жер) туып, ерлi — зайыпты болды делiнген Н.А. Кунның “Ежелгi Греция мифтерi мен аңыздары” атты еңбегiнде [13, 17 б.], яғни Хаостан Аспан-Уран мен Жер әлемi-Гея абстрактi түрде емес, тiршiлiк иелерi есебiнде пайда болғандығын көрсетедi.

Адамзаттың көркемдiк талғамы ерте  замандардан бастап дамыса, ежелгi гректер тiршiлiктiң пайда болу жөнiндегi пайымдарында талғампаздық көркемдiк-эстетикалық пафос енгiзiп жазады. Бұл дәстүр тек ежелгi гректерде ғана емес, сонымен бiрге ежелгi бабылдық, б.д.д. екi мыңыншы жылдары жазылған “Көрмегенi жоқ кiсi” батырлық поэмасында, бұдан да ертерек жазылған үндiлiк “Махабхарата” дастанында да көрiнiс бередi.

Әл-Фарабидің пікірінше: ”Табиғат – бүкіл жаратылыс дүниесі…”. “…Бүкіл дүние ғаламы басында бар шапаты ауданда болған нұрсәуледен – жарық сәуледен кеңеюден жаралған, — дейді, әл-Фараби. Бұл қағида ертеден келе жатқан тарихи-табиғи, діни кітаптарда болған. Соларды талдай келіп, қазіргі дүниені бақылай келіп, әл-Фараби осы қағиданы дұрыс деп қабылдаған. Дүниенің сол бос құрылысындағы  болған жалғасы  ешуақытта бірінен-бірі бөлініп, байланыссыз ажырап кетпейді.

 

Қазақ әдебиетінің өсіп-жетілуі, оның бой көтеріп, бұтақ жаюы бір күнде бола салған жоқ.  Көп ғасырларға толы мұраларына көңіл қойса, оның қазіргі күйі басқа әдебиетке өз әсерін тигізер дәрежеге жетті десек артық айтқандық емес. Жоғарыдағы айтылған 1200 жылға созылған антика әдебиетінің таңғажайып мұраларының ішінде қазақтың көне дәуір кезеңіндегі байланыстары, олардың арасындағы ұқсастықтары мен бір-біріне деген үйлесімділіктері, әсері айтылса, бұл – рухани-материалдық өркениеттің түйісуі, бір-бірін толықтыруы деген ойға тіреледі. Ал осы антика әдебиетінің мұраларына деген пікірдің екіұдай болып, кей-кезде бой көтеріп тегімізді анықтауға зиянын тигізіп-ақ келеді.

Ресейге антика әдебиеті көбіне – көп француз тілі арқылы келсе, сол Францияның мақтанышы, қоғам қайраткері, жазушы Ромен Роллан Көне Шығыс мәдениетімен терең танысқаннан кейін, мынадай пікір білдірген: “Қазіргі Европаның ең басты адасуы антикалық қаһармандарға еліктеушілік. Ол өмірдің өлшеуіші қазіргі өмірге ешбір тура келмейді. Европаның басынан өткерген жағдайы, антика әдебиетіне деген іңкарлығы, еліктеушілік болғанын әдебиеттің тарихы жоққа шығара алмайды. Сол мәдениет пен әдебиет арқылы Европаның күрт көтерілгені де ақиқат. Дегенімен сол жолда талай бұралаң, қалтарыстар болғанын да кәрі тарих мойындайды”[32, 205 б.].

Айталық, үнді елінің көсемі Джавахарлал Неру өзінің “Япония” атты мақаласында мынадай пікірді ортаға салады: “Сегодня Европа сильна и могущественна, и европейцы считают себя самыми цивилизованными и культурными в мире. Европейцы смотрят свысока на Азию и ее народы, они приходят и захватывают в странах Азии все, что могут… Когда ты почитаешь историю, то убедишься, что в течение значительных отрезков времени доминировала Азия. Ее народы, наступая волна за волной, завоевывали Европу. Они опустошали Европу – и они цивилизовали Европу”[32, 205 б.] дейді.

Үнді елінің көсемі Джавахарлал Нерудің айтқаны айна-қатесіз шындық. Өйткені “Европацентризм” пиғылындағы солақай пікірге жуық адамдардың  сонау көнеде жатқан шумер, аккад-хуррит, сақ, ғұн, Тұран, Мысыр еліндегі, Шығыстың ғылым — ілімін қаперге ілмей, кеудем соқтыққа салынғанын кәрі тарих кешіре алмас. Қазақтың байырғы жерінде өмірге келіп, талай өшпес мұраларды дүниеге келтірген, кейін басқа жұртқа орын тепкен отандастарымыздың қалдырған еңбектерінің, сонымен бірге тілі мен ділі, өнері мен мәдениетін қаперге ілмей бос сандырақтаған ғалымсымақтардың аузына құм құю мезгілі әбден пісіп-жетілді. Негізінен өркениеттің сан-салалы белгілері, ізденістер мен адамзаттың қол жеткен табыстары, мәдениет пен ғылым үнемі алыс – беріс пен ауыс-түйісте болатынын ұмытпаған жөн секілді. Айталық, б.д. ХІІ-ХІІІ ғасырларда Европаның күрт көтерілуіне латын тіліне араб тілінен көп еңбектердің аударылуы себепкер болды. Осы арқылы менменсіген Европаға грек ғұламаларының көптеген еңбектері араб ғалымдары арқылы жеткен. Қазіргі уақытта араб пен гректің, латынның алгоритм, конституция, реформа, империя, республика, демонстрация, прокламация, декрет, пролетариат, коммунизм, социализм, революция, конгресс, армия, акт, акция, либерал, аттестат, институт, университет, факультет, лекция, консультация, экзамен, студент, лаборатория, аудитория, ректор, профессор, доктор, доцент, аспирант, субъект, объект, предикат, атрибутикалық, активтi, пассивтi, зенит, цифра, фомальгаут, надир, алидада, азимут, альтаир және басқа да терминдердің келуін айтсақ, “алхимия”, “алгебра”, “алмагест” сияқты пәндердің ғылым салаларына сіңіп, ертеден орын тепкенін аңғармау мүмкін емес..

“Тоғызыншы, оныншы ғасырларда Солтүстік Европа елдерінің көбісі жеке аймақтарға бөлінген. Мәдениеті төмен, сауатсыз, тұрпайы тайпалар болатын”-дейді Ақжан әл Машани өзінің “Әл-Фараби және Абай” атты еңбегінде. Европаның оңтүстігіндегі жағында грек-рим жерлерінде ертедегі ірі мәдениет орындары болған. Бірақ олар рим–патшалығы, византия ордасы құлап, ыдыраған соң ғылыми дәстүрден айырылып төмендеп қалған. Басқаша айтқанда антикалық дәуірдің аты бар да, заты жоқ болған. Сонымен байланысты олардың қол астындағы Мысыр – Шам, Вавилония мәдениеттері де көмулі қалған деуге болады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1 Әуезов М. Очерктер және кино-әңгiме: Жиырма томдық шығармалар жинағы. − Алматы: Жазушы. 1981. − VІІІ-т. -440 б.

2 Кәкішев Т. Толғам. − Алматы: Қазақ университеті, 2004. − 507 б.

3 Рымғали Н. Әдебиет теориясы: Нұсқалық. − Астана: Фолиант, 2003. − 328 б.

4 Қасқабасов С. Мәдени мұра – рухани жаңғырудың негізі // Егемен Қазақстан. − 2003. -2 желтоқсан. -12 б.

5 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. -Алматы: Атамұра, 2003.  − 205 б.

6 Баткин Л. Итальянские гуманисты: стиль жизни, стиль мышления. − Москва: Просвещения, 1976. − 212 с.

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *