Ашық сабақ

Сүйіспеншілік-өмір негізі

  • 20 февраля, 2026
  • 0

Бекітілді ___________ Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар   Тәрбие сағаты «Сүйіспеншілік-өмір негізі» Күні 25.04.2023ж Класс жетекші: Икрамшина Г.Б. Класс: 10 «Ә» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы:

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

 

Тәрбие сағаты «Сүйіспеншілік-өмір негізі»
Күні 25.04.2023ж
Класс жетекші: Икрамшина Г.Б.
Класс: 10 «Ә» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар  (тақырып мазмұнын ашатын) «Сүйіспеншілік-өмір негізі»

«Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада құрып бітер еді». Ілияс Есенберлин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік  құндылығының мәнін ашу.
Құндылықтарды дарыту оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Ресімдеу слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу Нақыл сөздер, суреттер көрмесі.
Үлестірмелі материалдар Кеспе қағаздар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет Интернет материалдары

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

 

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

  Компьютер, интерактивті тақта

 

Слайд 1,2,3

Сабақ басы (15 мин)

 

Сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау.

Cүйіспеншілік бар адамға тән деп есептеймін.

Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан.

Мұндай көңілі көктем, жайдары жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.

Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата — анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.

Өз ойларын айтады.

 

Компьютер,интерактивті тақта

 

Слайд 4,5,6,7,8,9,10

 

Суреттер

 

 

 

 

Ортасы (20 мин)

 

 

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағыадамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, біргетұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісіміде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда  ұрыскеріс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік»,  жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

–    Осы-ақ па?

–    Иә, – деді ақсақал.

–    Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады, – деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

 

1.      Әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

2.      Отбасылық өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

3.      Отбасындағы татулық пен бірлік болуы үшін қандай құндылықтар қажет?

4.      Өздеріңнің отбасыларың қандай қасиеттерден құралған?

5.      Отбасыңдағы сүйіспеншілік пен татулықтың орнауына өздерің қандай үлес қосып жүрсіңдер?

Пікірталас:

1.Сүйіспеншілік пен адамдық ұғымдарының арақатынасы қандай?

2.Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам қандай болады?

3.Өзіңіз айналаңызға сүйіспеншілігіңізді қалай жеткізесіз?Мысал келтіріп әңгімелеп беріңіз

Сұрақтарға жауап береді,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз ойларын айтады

Компьютер,интерактивті

тақта

 

Слайд 11,12,13,14,15

 

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы (5 мин)

 

 

Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы- бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық .Сүйіспеншілік — осы бір ғана сөз бүкіл әлемді өзіңе жақындата түскендей болады. Жер бетіндегі қаншама тіршілік иесінің бойындағы осы құндылық ең нәзік те, мөлдір, тұп тұнық өзінше бір үлкен мәнге ие. Әттең осы құндылықты әрбір адам бағалап өз жүректерінде гүл ашуына ықпал етсе ғой шіркін, жер беті дәл қазіргі қалпынан басқаша болар ма еді…. Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белгісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.  Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының, бір – біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең төте жолы. Өйткені, сүйіспеншілік – пайғамбарлардың қастерлі жолы. Бұл жолдың жолаушылары жолдан жазып, тығырыққа тірелуі мүмкін емес. Тұйыққа тірелген күннің өзінде жабылған бір есіктің орнына басқа жерден мың есік ашылады. Иә, сүйіспеншілікпен барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер,интерактивті

тақта

 

Слайд             16,17,18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *