Балуан Шолақ Баймурзин
- 8 октября, 2024
- 0
Балуан Шолақ Баймурзин (1864 — 1919жж.) Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған. Балуан
Балуан Шолақ Баймурзин (1864 — 1919жж.) Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған. Балуан
Балуан Шолақ Баймурзин (1864 — 1919жж.)
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған.
Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші — ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған. Бұл тұрғыдан алғанда ол Арқада әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан әнші де. Сонымен бірге Балуан — Шолақ спортпен жіті шұғылданып күреске түскен, ат үстінде сан алуан ойындар көрсеткен.
Балуан — Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би — болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай — ақ патша үкіметінің озбыр Чиновниктерінің зорлық — зомбылығына қарсы күреседі.
Оның көптеген әндері мен өлеңдері халық арасында мол тараған. Әсіресе Балуан — Шолақтың Ғалия, Дікілдек, Құлан кісінес, Желіп — желіп т. б. бірнеше әндері ел аузында осы күнге дейін айтылып келеді.