“Мың бала” зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып 2023-2024 оқу жылының желтоқсан-қаңтар айындағы ұйымдастырған «Мағжан оқулары» республикалық конкурсына балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен колледж және ЖОО студенттерін қатысуға шақырады.
— мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;
— жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;
— дарынды оқушыларға қолдау жасау.
Байқауға қатысушы ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңін жатқа оқыған видеосын, төлем квитанциясын және қатысушы туралы мәліметтерді келесі сілтеме бойынша жолдайды
Оқушылар, тәрбиеленушілер, студенттер үшін 700 теңге
(Байқауға ерікті түрде ниет бірдірген кез келген қатысушы қатыса алады)
Байқау нәтижесі 31 қаңтар күні сағат 20:00-де (қатысушылар санының көптігіне байланысты бірнеше күнге кешігуі мүмкін) https://t.me/edu1000bala Telegram каналында және http://www.1000bala.kz сайтында жарияланады және электронды пошта арқылы (жетекшінің форманы толтыру барысында көрсеткен электронды пошта адресіне) жолданады.
Барлық конкурсанттар қатысушы сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен, барлық оқушылардың жетекшілері алғыс хаттамен марапатталады.
Байқауға 7 оқушы жұмысын жолдаған жетекшілерге арнайы Құрмет грамотасы табысталады.
Марапат қағаздары тек қазақ тілінде жолданады.
Әділ-қазылар алқасы мүшелері ЖОО-ның кафедра декандары, PhD доктарлары, доценттері болып табылады.
© 2023-2024 жыл. 1000bala.kz - Мың бала зияткерлік орталығы